Басты бет/Айырбастау және қайтару

Айырбастау және қайтару

Kaspi.kz және Wildberries-тегі сатып алулар

Алаңнан сатып алынған тауар сол алаңның ережелері бойынша қайтарылады: қайтаруды Kaspi.kz қосымшасында немесе Wildberries жеке кабинетінде ресімдеңіз. Сапаға қатысты сұрақ болса, WhatsApp-қа +7 (700) 155-09-09 жазыңыз, шешеміз.

Көтерме тапсырыстар

Саны мен сапасын қоймада алған кезде тексеріңіз. Айқын кемшіліктер бойынша наразылықтар — тауар жеткізілімі шартының талаптарына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде.

Төменде — cosmex.kz сайтында 15.10.2026 дейін ресімделген бөлшек тапсырыстарға арналған ережелер.

Қайтару кепілдігі — 14 күн

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес тиісті сападағы тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде (сатып алу күнін есептемегенде) қайтаруға немесе айырбастауға болады.

Қайтару шарттары

Тауар мына шарттар сақталған жағдайда қайтаруға қабылданады:

  • Тауардың сыртқы түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған

  • Түпнұсқа қаптамасы бүлінбеген

  • Барлық жапсырмалар, этикеткалар мен белгілер сақталған

  • Пайдаланылған іздері жоқ

  • Чек немесе сатып алуды растайтын басқа құжат бар
  • Қандай тауарларды қайтаруға болмайды

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке гигиена және парфюмерия-косметика өнімдері санатына жататын тиісті сападағы тауарлар қайтарылмайды және айырбасталмайды:

  • Ашылған косметика мен парфюмерия

  • Жеке гигиена тауарлары

  • Бір реттік қаптамадағы құралдар — ашылғаннан кейін
  • Сапасы тиісті емес тауар (ақау, бүліну) көрсетілген шектеулерге қарамастан қайтаруға қабылданады.

    Қайтаруды қалай ресімдеуге болады

    1. Бізбен +7 (700) 155-09-09 телефоны арқылы хабарласыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз — өтінімді ресімдеуге көмектесеміз
    2. Тауарды өз қалаңыздағы Cosmex қоймасына әкеліңіз — мекенжай мен уақытты менеджер айтады
    3. Біз тауардың жай-күйін тексеріп, қайтаруды ресімдейміз

    Қайтаруды қабылдайтын қоймалар:

  • Алматы — Баянауыл ш/а, 1А (күн сайын 09:00–17:00)

  • Астана — Шыңғыс Айтматов к-сі, 33 (дс–жм 10:00–20:00, сн–жс 13:00–20:00)

  • Шымкент — Қойгелді батыр к-сі, 18/2 (күн сайын 09:00–18:00)

  • Ақтөбе — Санкібай батыр д-лы, 1Л/2 (12-қақпа) (күн сайын 10:00–18:00)
  • Ақшаны қайтару мерзімі

    Ақша тауар қабылданған сәттен бастап 3–10 жұмыс күні ішінде тапсырыс қалай төленсе, солай қайтарылады: Kaspi.kz арқылы төленсе — Kaspi-ге, шот бойынша төленсе — есеп шотқа.

    Айырбастау және қайтару бойынша барлық сұрақтар: [email protected], +7 (700) 155-09-09.