Рецепт көрсеткіші · көз айналасы
Cosmex Derma қабақ кремі — және кешкі anti-age күтім
Көз айналасындағы тері әлдеқайда жұқа — оған бөлек крем керек.
EYE — Derma желісінің қабақ кремі: кофеин таңғы ісіну мен қара шеңберлермен, пептид пен гиалурон жұқа терінің серпімділігімен жұмыс істейді, бисаболол тыныштандырады. Кешке көз айналасын жалпы anti-age контур қолдайды: түнгі NIGHT крем-гелі мен пептидті LIFT кремі. Алматыда өзіміз дайындаймыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бет кремі тұрса, қабақ кремі не үшін?+
Қабақ терісі 3–4 есе жұқа, май бездері жоқтың қасы. Бет кремдері оған тым тығыз — көзге «ағуы» мүмкін. Қабақ кремінің текстурасы мен актив мөлшері жұқа теріге есептелген.
Қашан жағу керек?+
Таңертең және/немесе кешке, мөлшері — екі көзге күріш дәніндей. Атаусыз саусақпен орбита сүйегі бойымен, қозғалмалы қабаққа тартпай.
Қара шеңберлерге көмектесе ме?+
Кофеин тамырлық шеңберлерді ағартып, ісінуді басады. Тұқым қуалайтын пигментті шеңберлерді крем кетірмейді — адал ескертеміз.
Тағы Cosmex
Cosmex Lab журналында